Есірткі затты өткізгені үшін бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Бұланды аудандық соты азамат Д-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотпен, азамат Д. есірткі затты - салмағы 8,12 грамм кептірілген марихуаннаны сату мақсатымен заңсыз үйінде сақтап, сатып алу барысында шартты сатып алушыға заңсыз сатқаны анықталды.

Сот үкімімен азамат Д. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігімен («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу»), 296-бабының 2-бөлігімен («Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау») көзделген қылмысы және қылмыстық теріс қылығы  үшін кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3-бөлігі («Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау») негізінде 2000 тенге соммасында мүлкі тәркіленді, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеумен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі