Қазақстан Республикасының көші –қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетел азаматына қатысты әкімшілік жаза тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының Ақкөл аудандық сотында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.  

Сотпен, Өзбекстан Республикасының азаматы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған,  атап айтқанда ол Қазақстан Республикасының аумағына кіріп, жеке келу мақсатымен тіркелген, бірақ өзі құрылыс участкесінде заңсыз еңбек етуді жүзеге асырғаны анықталды. Осы әрекетімен Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы халықтың көші-қоны саласындағы заңннамасын бұзған.

Сот қаулысымен Өзбекстан азаматы Әкімшілік құқық бұзышылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 517-бабының 5-бөлігімен («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның  Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі