Кен орны мемлекетке қайтарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен «Матаус» ЖШС-ның «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ – не келісім-шарт әрекетін тоқтату туралы бұйрығын заңсыз деп танып, күшін жою туралы талап арызы қанағаттандырылудан бас тартылды.

Сот 2008 жылы уәкілетті орган мен «Матаус» ЖШС арасында Ақмола облысы Аршалы ауданы «Восток» кен орнында жер жарып шыққан жыныстарды барлауды және өндіруді бірлесіп жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жүргізу туралы келісім-шарт құрылғанын анықтады.  

«Матаус» ЖШС шарт талаптарын бұзушылыққа жол бере тұра,  2008 жылдан бастап үшінші тұлғаның кінәсінен барлау және өндіру жұмысына кірісу мүмкіндігі болмағаны туралы ешқандай дәлелдеме ұсына алмады.

Ақмола облыстық сотының апелляциялық сот алқасы бірінші сатылы соттың шешімін өзгертусіз қалдырды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Кассациялық сот алқасының қаулысымен жоғарыдағы сот актілері өзгертусіз қалдырылды. 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі