Көкшетау қалалық соты айыппұлдарды өндіру және қоғамдық жұмыстарға тарту бөлігінде үкімдерді орындауды талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкшетау қалалық соты айыппұлдарды өндіру және қоғамдық жұмыстарға тарту бөлігінде үкімдерді орындау мәселелері бойынша прокуратура, пробация қызметі, әділет департаменті өкілдері, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының қатысулармен «дөңгелек үстел» өткізді.       Көкшетау қалалық сотының төрағасы Ринат Шақуанов «дөңгелек үстел» жұмысын аша отырып, ҚР Конституциясына сәйкес, сот актілерінің Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болатынын атап өтіп, үкімдердің орындалуы жөнінде статистикалық мәліметтерді айтып өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысын қорытындылай келе, қатысушылар   құқық қолдану тәжірибесінен туындайтын сұрақтарды талқылады.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі