Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты  Ақмола облыстық сотының судьялары А.Мәкітов және Қ.Мүсетов, Ақмола облысы прокурордың орынбасары Қ.Амралин, Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының, Бурабай, Зеренді аудандық соттарының судьялары, Көкшетау қалалық прокуратура және Ақмола облысы бойынша Әділет департаменті өкілдерінің қатысуымен  семинар сабақ өткізді.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы С.Төлеев, Бурабай аудандық сотының судьясы Д.Шамұратов «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары» және «Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау туралы әкімшілік істерді қарау барысында туындайтын мәселелер» тақырыптарында баяндамалар жасады.

Ақмола облыстық сотының судьялары заңнама нормаларын қолдану бойынша  түсініктемелерді беріп, көрсетілген тақырыптарға сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаларды құрастыру, сот шешімін шығару туралы сот тәжірибесін талқылап,  сұрақтарға жауап беріп,  әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді құрастыру және қарау барысында туындайтын мәселелер бойынша ұсыныстар берді.

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі