Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 2017 жылдың 2 айында 30 шетел азаматы халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 2 айында Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 30 шетел азаматына қатысты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік істер қаралды. Құқық бұзушыларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 517-бабы («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар құрастырылды.

Сотпен шетел азаматтары «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын және Көші-қон бақылауын жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтетін, Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келуге тыйым салынған адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Қаулысының талаптарын бұзғаны анықталды.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулыларымен 30 шетел азматтары жоғарғыда көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершіліктерге тартылып, 18 азаматқа әкімшілік айыппұл, 7  азамат қамауға алынып, 5 азаматқа Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазалары қолданылды.

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі