Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен жүріп-тұру еркіндігін алдын-ала шектеуді қолдану туралы 41 материал қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 2017 жылдың басынан жүріп-тұру еркіндігін алдын-ала шектеуді қолдану туралы 41 материал қаралды.

Сотпен Көкшетау қаласының 41 тұрғынның жеке басын куәландыратын құжаты, тұрғылықты мекен-жайы жоқ және қаңғыбастық өмір сүретіні анықталды.

Сот, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 29-бабын қолданып, 41 құқық бұзушыларға қатысты 30 тәулік мерзіміне дейін арнаулы мекемесіне уақытша оқшаулаумен жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу туралы ішкі істер органдарының қаулыларына санкция берді.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі