Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ағымдағы жылдың басынан жол-көлік оқиғалары туралы 558 әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2017 жылдың басынан, жол жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан құқық бұзушылық жасағаны үшін, 558 көлiк құралдары жүргiзушiлеріне қатысты әкімшілік істер қаралған.

Сот анықтауы бойынша айтылған құқық бұзушылар Қазақстан Республикасының жол жүру ережесінің талаптарын бұзып, көлік құралдарын жүргізген, яғни бұл іс-әрекетімен жол қозғалысына қауіп төндірген.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулыларымен 549 құқық бұзушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 610-бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып әкімшілік айыппұл салу жазалары  қолданылды. 9 құқық бұзушыларға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргiзуді болғызбайтын мән-жайларына байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылған.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар