Қорғалжын аудандық сотында медиация туралы Пилоттық жобаның ережелерін түсіндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қорғалжын аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша Пилоттық жобаның ережелерін түсіндіру бойынша аудан әкімдігі, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерінің, кәсіби емес медиатордың және Қорғалжын ауданының тұрғындарының қатысуымен семинар өтті.     

Аудандық соттың төрағасы Х.Кембаева өз сөзінде Пилоттық жобаның ережелерін түсіндіріп, медиация рәсімін қолдану жолымен міндетті түрде дауларды (жанжалдарды)  сотқа дейінгі реттеудің маңыздылығын атап өтті. Сот төрағасы Пилоттық жобаның татуластыру рәсімдерінің қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын азайту, азаматтардың дауларды соттан тыс реттеуге қызығушылығын анықтаудың міндеттерін атап өтті.

Аудандық сот судьясы А.Зиада медиацияны қолдану саласы жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын даулар болып табылатындығын және Пилоттық жоба балаларға қатысты, некені бұзу, мүлікті мен мұрагерлікті бөлу туралы және басқаларды қарастыратынын атап өтті.

Семинар жұмысына қатысушылар пікір алмасып, ұсыныстар әзірледі.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі