Қорғалжын аудандық сотында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік мекемелерде» тақырыбын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық сотында судьялар, кеңсе қызметкерлері және Қорғалжын аудандық орталық ауруханасы мамандарының қатысуымен «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік мекемелерде» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Сот төрағасы Халима Кембаева өз баяндамасында, мемлекеттік тілді дамыту және сақтау еліміздің әр азаматының парызы деді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері іс жүргізу тілінің  конститутциялық принциптерін сақтап, мемлекеттік тілдің дамуына және Республикамызда қолданылатын барлық тілдерге құықықтық кепілдемені және сыйластық қатынасты қаматамасыз ету үшін барлық жағдай жасалады» - деді Х.Кембаева.

«Дөңгелек үстел» қатысушылары іс жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану деңгейін талқылады.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі