Қорғалжын аудандық сотының төрайымы «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасына сұхбат берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қорғалжын  аудандық  сотының төрайымы Х.Кембаева «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасына сұхбат беріп,  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылуы, сот ісін жүргізудегі өзгерістер, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау туралы айтты.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылай отырып, облыс соттарымен іс-шаралардың іске асырып жатқандығын атап өтті төрайым.

Аудандық соттың төрайымы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін көтеру мақсатында, органдар мен ведомстволар арасында сот ісін жүргізу мен іс жүргізуде және ведомствоаралық хат алмасуда қолдану қажеттілігін атап өтті.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі