Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында атқарушылық құжаттарды орындауға электронды түрде жолдау сұрақтарын талқылау бойынша үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті.

Іс-шараға "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының бас маманы Маржан Калижанова,  "Бұлак" Қоғамдық қорының басшысы Алина Малахова, судьялар, кеңсе меңгерушісі, кеңсе қызметкерлері және сот отырысының хатшылары қатысты.

Сот кеңсесінің бас маманы Р.Қожамжарова қатысушыларға ҚР Әділет министрлігі Жоғарғы Cотымен бірлесіп атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі және сот органдарының ақпараттық жүйесі арасындағы интеграциялық өзара іс-қимылы шеңберінде атқарушылық құжаттарды соттардан электрондық форматта алу және сот орындаушыларының қаулыларын соттардың электрондық санкциялауы бөлігінде функционалдарды іске қосуды жүзеге асырды.

Соттар мемлекеттік сот орындаушыларының құзыретіне қатысты атқарушылық құжаттарды электрондық форматта «Төрелік» АЖ мен АІЖО ААЖ арқылы Әділет департаменттеріне жолдайды, онда бекітілген қызметкер атқарушылық құжатты өндіріп алу санаты бойынша тиісті аумақтық бөлімге бөлуді жүзеге асырады.

Жеке сот орындаушыларының құзыретіне қатысты атқарушылық құжаттарды да соттар электрондық форматта жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарының басшыларына жолдайды.    

Кездесуге қатысушылар электронды атқару парақтарын қалыптастыру, толтыру және жолдау кезінде туындайтын сұрақтарды талқылады.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі