Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының Целиноград аудандық соты қылмыстық теріс қылық жасаған азамат К-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотта азамат К. көлік жүргізу куәліктің жалған екенін біле тұра, оған өзінің фотосуретін жабыстырып, сол куәлікті автокөлік жүргізгенде пайдаланып, Целиноград ауданының жол полиция қызметкерлерімен ұсталғаны анықтады.

Сот үкімімен азамат К. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 385-бабының 3-бөлігінде аталған көрiнеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 200 (екі жүз) сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасына тағайындалды.

 

Ақмола облысының
Целиноград аудандық соты