Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот медиация тәртібімен азаматтық іс қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот «В» Сауда үйі» ЖШС-нің «Н» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарыз соммасын өндіріп алу туралы  талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 277- бабының 6- бөлігіне сәйкес тараптар медиация тәртібімен реттеу туралы келісім  жасады. Тараптар қарыз соммасын қайтаруына шарт бойынша қарызды бөлшектеп және төлем кестесіне сәйкес өтеуіне келісіп  келісім жасады.

Сот ұйғарымымен «В» Сауда үйі» ЖШС-нің «Н» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарыз соммасын өндіріп алу туралы талабы бойынша медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім бекітілді.Ұйғарым заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі