Медиация институтын дамыту бойынша пилоттық жоба шеңберінде Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты меморандум бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты және «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандум бекітті.
Бекітілген меморандум аясында екі жақты келісім бойынша ынтымақтастықты жан-жақты дамыту  және  медиация институтының азаматтық сот істерін жүргізуде белсенділігін арттыру; медиация институтының артықшылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу; облыста медиация институтын дамытуға  қызығушылық танытуда өзара мәліметтермен және өзге де ақпараттармен алмасу; дауларды медиация тәртібінде шешу тұрғысындағы тәжірибені түсіндіру жұмыстарына бағытталған семинарлар, дөңгелек отырыстар және басқа да іс-шаралар өткізу.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі