Мемлекет мүлкін талан-таражға салған мекеме директоры сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының Көкшетау қалалық соты «Көкшетау балалар психоневрологиялық және тірек-қозғалыс аппараты функцияларының бұзушылықтары бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеме» мемлекеттік мекемесінің директорын өзіне сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салғаны үшін соттады.

Сотқа белгілі болғандай, балалар дәрігерлік-әлеуметтік мекемесінің директоры 2008 жылдың маусым айынан 2013 жыл бойы азаматтарды қағаз жүзінде жұмысқа орналастырып, айлық жалақыларын өзінің қалтасына басып келген.

Оған қоса, нақты жұмыс істеген азаматтарды жұмыстан босатқаннан кейін де жұмыс табелінде есепке алуын тоқтатпай, оларға айлық жалақы аударып отырған.

Осыған ұқсас ақша жымқыру әдісімен тәрбиеші қызметкерді қағаз жүзінде жұмысқа қабылдаған, бірақ қызметкер тәрбиешілік жұмыспен айналыспай, би пәнінен сабақ берген.

Сотта мекеме басшысы өз кінәсін толық мойындап, өзінің мойнына ілінген 1 168 509 теңге соманы облыстық бюджет толық аударды.

Сот азаматша М., ның ауыр қылмыс жасағанын ескере отырып, қылмыстық жазасын жеңілдететін мән-жайларды қарады. Атап айтқанда өз істеген әрекетіне өкінетіндігін, жәбірленуші тараптың оны бостандығынан айырмауын сұрауын, материалдық шығынның толық өтелгенін, қылмыстық жазаға ең алғаш тартылғандығын, тұрақты орнынан жақсы мінезделгенін, екі жасөспірім баласы барын, оның біреуінің 2 топтағы мүгедек екендігін есепке алып оны бас бостандығынан айырмау жазасын тағайындау қажет деп шешті.  

Сот үкімімен азаматша М., ҚР ҚК 176-бабының 3-бөлігі «б,г» тармақтарында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды сондай-ақ 3 жыл мемлекеттік қызмет атқару құқынан айрылды.

ҚР ҚК 63-бабына сәйкес берілген жаза 2 жыл сынақ мерзімімен шартты деп тағайындалды.

 Сот үкіміне сәйкес сотталушы пробациялық бақылауда болады, яғни арнайы уәкілетті органның рұқсатынсыз мекен-жайын өзгертуге, жол жүруіне тыйым салынды.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі