Мемлекеттік тіл – басты назарда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Елбасымыз қазақстандықтарға арнаған биылғы «Қазақстандық жол – 2050; бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында еліміздің жасампаздық жолын жалғастырудың басым бағыттарын батыл ойлармен белгілеп берді. Жаңа Қазақстанның дамуы  жолында тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіретін маңызды фактор, мемлекеттік тілдің позициясын нығайту мақсатында белгіленіп, Мәңгілік ел болу идеясы құрылды.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты осы бағыттағы жұмыста ешқашан солқылдақтық танытқан емес. 2012 жылы Көкшетау қаласы Әкімдігінің қолдауымен мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің қызметкерлерін, қала тұрғындарын тегін оқытатын «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-сі ашылған. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында орталықтың ашылуынан бастап біздің соттың судьялары мен мамандары мемлекеттік тілді оқытуы туралы алғашқы болып тапсырыс берген.

Осы бағытта сотта арнайы қазақ тілі кабинеті жабдықталды, жұмыс уақытына кедергі келтірмей оқытуды, ұтымды ұйымдастыруға жағдай жасалды. Сот қызметкерлері Орталықта өткізілетін іс-шараларға қатысып белсенділік танытты.

Өткен оқу жылының аяғында судьялар мен мамандар КАЗТЕСТ сынағынан емтихандар тапсырып, жақсы нәтиже көрсетті.

Ал ағымдағы жылдың 23 қаңтарында 2013-2014 оқу жылының 1-жартыжылдығы бойынша аралық сынағы өтіп, судьялар мен мамандар мемлекеттік тілден мүдірмейтіндерін байқатты. Олардың ішінде судья А.Е.Қосжанов, бас мамандар А.Б.Абирова, Д.Б.Сәдуақасов, Ж.Ж.Жармағамбетовалар тіпті үздік деген бағалар алды.

Енді биылғы оқу жылының соңында біздің мамандандырылған ауданаралық сотының 15 қызметкері екі жылдық білімдерін тәмамдап сертификат алмақшы. Орталық директоры Г.Ә.Есмурзинаның айтуы бойынша бұл сертификаттар маңызды құжаттардың қатарына жатқызылып, мемлекеттік қызметкерлердің жеке істеріне тіркеліп, жастар үшін болашақта жұмысқа орналасу кезінде есепке алынады.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты