Облыстық сотта «Ашық есік» күні өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық соты «Ашық есік» күнін өткізді.

Ақмола облыстық сотының төрағасы, сот алқасының төрағалары, сот этикасы бойынша комиссияның төрағасы және судьялардың әрекеттеріне түскен шағымдарды қарау тобының жетекшісі азаматтарды облыс соттарында қаралған істер бойынша сұрақтарымен қабылдады.

Жалпы Ақмола облыстық сотында азаматтарға арналған «Ашық есік» күндері ай сайын өткізіліп тұрады. Осы жолы келушілердің дені соттарда қаралған істер бойынша мәселелерімен келген. Бұл күні келген әр келушіге облыстық соттың судьялары өз мәселелері бойынша толық жауаптарын берді. Барлық түскен өтініштер мен сұрақтар шығарылған сот шешімімен азаматтардың келіспеушілігінен туындайтынын тәжірибе көрсетуде. Барлығына заң шеңберінде жауаптар берілді.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі