Салық саласындағы заңнама төңірегіндегі даулар бойынша құқықты қолдану тәжірибесінің мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында салық саласындағы заңнамалар төңірегіндегі даулар бойынша сот тәжірибесін бірыңғай қалыптастыру мақсатында Ақмола облысының мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» аясында мемлекеттік кіріс органдарының алкоголь өнімдерін көтерме бағамен сату және сақтау қызметтерін жүзеге асыратын салық төлеушілердің мемлекеттік кіріс берекшектерін өндіріп алу төңірегіндегі сот тәжірибесінің мәселелері талқыланды.

2017 жылдың 29-шы маусымдағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысының 8-тармағына сәйкес №4 «Салық заңнамасын қолданудағы сот тәжірибесі туралы», мерзімінде төленбеген лицензиялық алым сомасы салық берешегі болып табылмайды, салық заңнамасында көзделген берешекті өндіріп алу шарасын соттан тыс тәртіппен қолдануға құқылы емес.

Мұндай жағдайларда Салық кодексінің 18-бабында көзделген міндеттерге негіздей отырып, мемлекеттік кірістер органдары аталған тұлғалардан лицензиялық алым бойынша берешекті өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

 

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық

экономикалық соты

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі