Сандықтау аудандық сотында 2017 жылдың 9 айының жұмысы қорытындыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 9 айы ішінде Ақмола облысы Сандықтау аудандық сотында 56 қылмыстық іс қаралды, оның ішінде 4 азаматқа қатысты «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 - жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңды қолданып қылмыстық істер тоқтатылды, 19 қылмыстық  іс медиация тәртібімен тоқтатылды, 28 іс тараптардың татуласуына байланысты өндіріспен тоқтатылды. Тергеу судьямен 44 өтініш хат қаралды. 34 азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды.

449 әкімшілік істер қаралды. Сот қаулыларымен құқық бұзушылар келесі әкімшілік жауапкершіліктерге тартылды: 15 азаматқа ескерту , 71 азаматқа әкімшілік айыппұл, 259 азаматқа әкімшілік қамаққа алу тағайындалды, арнайы құқықтан 65 азамат айырылды, 1 азамат Қазақстан Республикасы шегінен шығарып жіберілді және кәмелетке толмаған 1  азаматқа қатысты тәрбиелiк ықпал ету шарасы қолданылды.

Медиатордың қатысуымен 17 әкімшілік іс қаралды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі