Сандықтау аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы азаматтарға қатысты 28 әкімшілік іс каралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сандықтау аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы 28  әкімшілік іс қаралды.

Сотпен, 6 азаматқа қатысты әкiмшiлiк істер құқық бұзушының жәбірленушімен татуласуына байланысты тоқтатылды, медиация тәртібімен 3 әкімшілік іс кәсіби емес медиатордың қатысуымен тоқтатылды,  ал  19  азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-бабы бойынша («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер») әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 5 құқық бұзушыға әкімшілік ескерту, ал 14 азаматқа қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-бабына сәйкес, құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер болып табылады.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі