Сандықтау аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисі арқылы сот құжаттарын жолдау мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сандықтау аудандық сотында  «Сот кабинеті. Сот құжаттарын «Сот кабинеті» арқылы жолдау» тақырыбында Сандықтау ауданы  ХҚКО инспекторының қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелде» сот төрағасы Азамат Аймұхамедов жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері үшін «Сот кабинеті» электрондық сервисі арқылы электрондық құжаттарды сотқа ұсынуға мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисінің қолданылуы кеңейтілуде және азаматтардың сот органдарына жүгінуге уақыты мен қаражатын үнемдеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қайнар: 
Пресс-служба Акмолинского областного суда