Сандықтау аудандық сотында ұсақ бұзақылық жасаған азаматтарға қатысты 79 әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың басынан Сандықтау аудандық сотында  ұсақ бұзақылық жасаған азаматтарға қатысты 79 әкімшілік іс қаралды, оның ішінде ортақ пайдалану орындарын ластау, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай әрекеттер.

Сот қаулыларымен  79 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабының 1,2-бөліктермен  («Ұсақ бұзақылық») әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 66 азаматқа қамаққа алу түрінде, 12 азаматқа әкімшілік айыппұл түрінде, ал 1 кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты тәрбиелiк ықпал ету шарасы тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі