Шортанды аудандық сотында «Медиация туралы» ҚР Заңының нормаларын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шортанды аудандық сотында аудандық әкімдік, прокуратура, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының өкілдері және «Медиацияны дамыту» орталығының кәсіби медиатордың қатысуымен «Медиация туралы» ҚР Заңының нормаларын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Г.Сабаева дауларды  медиация тәртібімен реттеудің қажеттілігі мен маңыздылығын атап, Жоғарғы Соттың даулардың жекелеген санаттары бойынша медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу жөнінде Пилоттық жобаның Ережелерін түсіндірді.

Кәсіби медиатор Г.Құнанбаева жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылатынын атап өтті. Медиатор аудан әкімдігінің өкілдерін татуласу рәсімдерін дамытуына ықпал етуіне шақырды.

Іс-шараға қатысушылар медиативтік келісімін жасау және орындау тәртібі туралы сұрақтарына жауап алды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі