Шортанды,Жаксы және Целиноград аудандық соттарында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы әкімшілік істер қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

2017 жылдың 9 айында Шортанды аудандық сотымен отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы 55 әкімшілік іс қаралды.

Сотта, 28 азаматқа қатысты әкімшілік істер жәбірленушілердің құқық бұзушылармен татуласуына байланысты тоқтатылды, оның ішінде 23 іс медиация тәртібімен, ал 27 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-бабы бойынша («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер») әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 21 азаматқа әкімшілік қамаққа алу, 6  азаматқа ескерту түрінде жаза тағайындалды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-бабына сәйкес, құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер болып табылады.

Сонымен қатар, Жақсы аудандық сотында ағымдағы жылдың 9 айында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 73- бабы бойынша 30 әкімшілік іс қаралды.

Аталған мерзімде Целиноград аудандық сотында 86 әкімшілік іс қаралды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар