Сот 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат Р-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, спирттік ішімдік ішу барысында азамат Р. мен оның танысының арасында жан-жал туындап, төбелеске айналған, осыған байланысты, азамат Р. ер азаматтың мойнына пышақпен екі соққы жасаған. Пышақ жарақатын алу нәтижесінде ер азамат қылмыс орнында қайтыс болды.

Сот үкімімен азамат Р. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен («Адам өлтіру») қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 9 жыл және 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 60-бабы 1-бөлігінің негізінде («Үкiмдердiң жиынтығы бойынша жаза тағайындау») соттың алдыңғы үкiмi бойынша жазаның өтелмеген бөлiгiн iшiнара қосып, оған қатаң режимдегi түзеу колониясында жазасын өтеумен 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде түпкілікті жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі