Сот 134 құқық бұзушыларға қатысты көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырумен әкімшілік істер қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты  2016 жылдың басынан көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқарған азаматтарға қатысты 158 әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, аталған азаматтар алкогольдік және есірткілік масаң күйде автокөлік құралдарын басқарып, Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімнің 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзып, осы іс-әрекеттерімен жол қозғалысына қауіп төндірген.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулыларымен 158 құқық бұзушылар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабында көрсетілген («Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) масаң күйде басқаруы») әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 24 адам әкімшілік қамаққа алынды, 134-і 3 жылдан 6 жылға дейін мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылды.

Ақмола облысытқ сотының
баспасөз қызметі

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі