Сот актісін орындамаған азаматқа айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының Қорғалжын аудандық соты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің  524-бабында көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасаған яғни сот шешімін орындамаған азамат А.,-ға қатысты әкімшілік істі қарады.
Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2012 жылғы 24 мамырдағы шешімімен жеке кәсіпкер А., дан «Қазақтелеком» АҚ пайдасына 60 503 теңге қарыз сомасы мен 1815 теңге сот шығындары өндіріліп алынған. Сот орындаушысы борышкер А.,-ға сот шешімін өз еркімен орындау туралы бірнеше рет ескертіліп, сот шешімін өз еркімен орындамаған жағдайда әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкіндігі де айтылған. Бірақ борышкер сот шешімін орындауға ешқандай әрекет жасамаған. 2014 жылдың 25 ақпанында прокурор өз қаулысымен азамат А.,-ның үстінен Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің  524-бабы бойынша әкімшілік іс қозғаған.
Сотта А., байланыс қызметі үшін қордаланып қалған қарызын төлеуге қаржылық қиындықтардың кедергі болғанын айтып, қарызын төлеуге уақыт беруін сұрады.
Сот қаулысымен А., Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің  524-бабында көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасаған деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 18 520 теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасын тағайындады. Оған қаулы заңды күшіне енгеннен кейін 10 күн мерзім ішінде айыппұлын өз еркімен төлеу мерзімі ұсынылды.

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі