Сот алдында - бұзақы әже!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының Атбасар аудандық соты аудан орталығында орналасқан бала-бақшалардың біріндегі тәрбиеленушінің әжесі мен бала бақша меңгерушісі арасында шыққан дауға қатысты әкімшілік істі қарады.

Іс мән-жайлары бойынша, тәрбиеленуші баланың әжесі бала-бақша меңгерушісіне оның немересінің шанасын қайтармадың деп, наразылық танытып, оны балағаттап, тіл тигізіп қорлаған.  Бала бақша меңгерушісі өз кезегінде, ашулы әжеге бала-бақшаны босатуын талап еткен. Сонан соң ол полиция бөліміне жүгініп, өзін балағаттаған азаматшаға қатысты жазалау шараларын қолдануды сұраған.

Сот отырысында құқық бұзушы балабақша меңгерушісімен екеуара  тілге келіп қалғанын жоққа шығармағанымен, арсыз сөздер айтып, балағаттағанын мойындаған жоқ. Алайда, оның бұл берген түсініктемесіне қарамастан, сотпен оның кінәсі анықталған. Соттың бұл тұжырымы жәбірленуші мен екі куәгерлердің түсінігіне негізделген.

Сот қаулысымен бала тәрбиелейтін орында өзін дөрекі ұстап, ұсақ бұзақылық түрін жасаған азаматша Т. ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Ақмола облысының Атбасар аудандық соты