Сот алкоголь өнімін өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Ерейментау аудандық сотында алкоголь өнімін өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, жеке кәсіпкер сағат 11.00-де екі азаматқа алкоголь өнімін сатқан. Осы әрекетімен этил спиртінің көлемді үлесі 30% асатындарын сағат 21.00-ден келесі күнгі сағат 12.00-ге дейін өткізіп, алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнаманың талаптарын бұзған.

Сот қаулысымен жеке кәсіпкер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 200-бабының 3-бөлігімен (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 айға алкогольдік өнімді сату лицензиясын қолданылуын тоқтатуымен, әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі