жм, 21/04/2017 - 16:37
Ақмола облысы Ерейментау аудандық сотында алкоголь өнімін өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сот анықтағандай, жеке кәсіпкер сағат 11.00-де екі азаматқа алкоголь өнімін сатқан. Осы әрекетімен этил спиртінің көлемді үлесі 30% асатындарын сағат 21.00-ден келесі күнгі сағат 12.00-ге дейін өткізіп, алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнаманың талаптарын бұзған.
Сот қаулысымен жеке кәсіпкер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 200-бабының 3-бөлігімен (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 айға алкогольдік өнімді сату лицензиясын қолданылуын тоқтатуымен, әкімшілік айыппұл тағайындалды.