Сот арнайы қоныста тұрғаны және жаппай саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккені туралы фактіні анықтау бойынша арызды қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Бұланды аудандық соты азаматша Е-ның арызы бойынша арнайы қоныста тұрғаны және жаппай саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккені туралы фактіні анықтау бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай,  азаматша Е. 1953 жылдың 7-қарашасында, оның әкесі арнайы қоныста болған кезінде дүниеге келген. 1944 жылдың қарашасында оның әкесі ұлттық себептермен Шешен-Ингуш АКСР-нан Қостанай облысына көшіріліп, ІІМ органдарының арнайы есебінде 1956 жылға дейін тұрған. Алайда мұрағатта әкесінің арнайы коныста болғаны туралы мәліметтер жоқ.  Азаматша Е-ның ата-аналарымен арнайы коныста болу фактісін анықтау, оған саяси қуғын-сүргін құрбанының қызы ретінде растау тиісті ақшалай өтемақы алу үшін әлеуметтік қорғау органдарына жүгіну үшін қажет.

Сот  шешімімен азаматша  Е-ның арызы қанағаттандырылып, оның арнайы коныста болу фактісі анықталды және саяси қуғын-сүргіннен қиянат көргені танылған.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 305-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сот азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке не мүліктік құқықтарының туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына байланысты болатын фактілерді анықтайды. 305-бабының 3-бөлігіне сәйкес, егер басқа заңдық маңызы бар фактілерді анықтаудың Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше тәртібі көзделмесе, оларды сот анықтайды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 306-бабына сәйкес, сот арыз берушінің заңдық маңызы бар фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған кезде не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін болмаған кезде ғана осы фактілерді анықтайды.

         

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі