Сот атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық соты атқарушылық құжатты орындамағаны үшін азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат К-ға 2016 жылдың 10 қарашасында Егіндікөл ауданы ішкі істер бөлімінің қаулысымен бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. Алайда азамат К. бүгінгі күнге дейін атқарушылық құжатты орындамаған.

Сот қаулысымен азамат К. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 669-бабымен («Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау») әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі