Сот автокөлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде әкімшілік жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Астрахан аудандық сотында алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін азамат П-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат П. алкоголь масаң күйде автокөлік құралын басқара отырып, полиция қызметкерлерімен тоқтатылды. Ер адамды медициналық куәландыру кезінде алкогольдік масаң күйдің женіл түрі анықталды.

Сот қаулысымен азамат П. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 608 – бабының 1 – бөлігімен («Жүргізушінің көлік құралын алкоголь масаң күйде басқаруы») кінәлі деп танылып, 3 жылға автокөлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Ақмола облыстық сотының

Баспасөз қызметі

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі