Сот билік өкiлiн қорлап, билік өкіліне бағынбағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зеренді аудандық сотында полиция қызметкерлерін қорлап, бағынбағаны үшін және қызметтік көлікке зиян келтірді деп айыпталған азамат Г-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот анықтағандай,  азамат Г. алкогольдік масаң күйінде аурухананың ішінде аурухана қызметкерлерінің шақыртуымен келген полиция қызметкерлеріне былапыт сөздер айтқан. Нәтижесінде, құқық бұзушылық іс-әрекеттерін тоқтату туралы полиция қызметкерлерінің талаптарына бағынбай, азамат Г. аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілілген. Алайда, азамат Г. полиция қызметкерлерінің атына былапыт сөйлеуді тоқтатпай, терезені сындырып, өзінің тамырларын кеспекші болған. Азамат Г-ның іс-әрекеті полиция қызметкерлерімен тоқтатылды.

Сот үкімімен азамат Г. Қылмыстық Кодексінің 378-бабының 2-бөлігімен «Билік өкiлiн қорлау», 379-бабының 1-бөлігімен «Билік өкіліне бағынбау» көзделген қылмыстық теріс қылықтар жасағаны үшін кінәлі деп  танылып,  оған 200 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі