Сот бітімгершілік келісімді бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

  Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 49-бабына сәйкес тараптар істі бітімгершілік келісіммен аяқтай алады.
ҚР АІЖК-нің 247-бабының 4-тармағына сәйкес сот, тараптар бітімгершілік келісімін жасаса және оны сот бекітсе, іс бойынша іс жүргізуді қысқартады.
  Ақмола облысы Астрахан аудандық соты «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС-нің азамат О-ға қойған талабымен талапкер мен жауапкер арасында жасасқан энергиямен жабдықтау шарты бойынша берешек сомасын өндіріп алу туралы азаматтық істі қараған.
  Сот талқылау барысында талапкердің өкілі мен жауапкер олар өзара бітімгершілік келісімге келгендерін мәлімдеген, оның шартына сәйкес жауапкер О. 2014 жылдың 25-сәуіріне дейін электр энергия пайдалану үшін 7 691 теңге мөлшерінде берешек соманы және талапкердің пайдасына мемлекеттік баж төлеуді міндеттенген, ал талапкер «АРЭК- Энергосбыт» ЖШС талап арыздан бас тартып, берешек соманы және электр жабдықтау желісіне қосылғаны үшін төлемақысын төлегеннен кейін абонентті электр энергиямен пайдалануға қосады.
  Тараптар бітімгершілік келісімді бекітіп, іс бойынша өндірісті қысқартуды сұраған.
  Бітімгершілік келісім өз еркімен жасалғанын, тараптардың мүдделері үшін, олар бітімгершілік келісімнің шарттарын орындағаны ешкімнің мүдделері мен құқықтарын бұзбайтынын және осы келісім Заңға қайшы болмағанын назарға ала отырып, сот оны бекітіп, іс бойынша өндірісті қысқартты.
  Сот ұйғарымымен бітімгершілік келісім бекітілген. Осы іс бойынша өндіріс қысқартылған. Тараптарға, егер іс бойынша өндіріс қысқартылған жағдайда дәл сол тараптар арасында дәл сол мәні мен дәл сондай негіздермен дау бойынша сотқа екінші рет өтініш жасауға жол берілмейтіні туралы түсіндірілген.
  Сот ұйғарымына 15 күн ішінде жеке шағым немесе наразылық беруге болады.

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі