Сот Бұланды ауданы тұрғынының әрекет қабiлеттiлiгiне қойылған шектеудiң күшiн жою туралы өтінішін қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Бұланды аудандық соты Бұланды ауданының тұрғынына қатысты әрекет қабiлеттiлiгiне қойылған шектеудiң күшiн жою туралы азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, 2003 жылдың 23 қыркүйегіндегі Бұланды аудандық сотының шешімімен азаматша М. және оның жұбайы спирттік ішімдікке салынғаны үшін әрекет қабiлеттiлiгiмен шектелген.

Қазіргі уақытта, азаматша М. жалғыз тұрады, спирттік ішімдікті 10 жылдам астам қолданбайды, балары кәмелет жасқа толып, өздігінен өмір сүреді. Бүгінгі таңда азаматша М. нарколог пен психиатр дәрігерлерінің тіркеуінде тұрмайды.

Сот шешімімен әрекет қабiлеттiлiгiне қойылған шектеудiң күшiн жою туралы азаматша М-нің өтініші қанағаттандырылды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 27-бабына сәйкес спирт iшiмдiктерiне немесе есiрткi заттарға салыну салдарынан өзiнiң отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабiлеттiлiгiн сот Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде белгiленген тәртiп бойынша шектеуi мүмкiн. Оған қамқоршылық белгiленедi. Ол тұрмыстық ұсақ мәмiлелердi өз бетiнше жасауға құқылы. Басқа мәмiлелер жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кiрiстерiн алуды және оларға билiк етудi ол тек қамқоршысының келiсiмiмен ғана жүзеге асыра алады. 
         Азамат спирт iшiмдiктерiне немесе есiрткi заттарға және нашақорлыққа салынуды тоқтатқан жағдайда сот оның әрекет қабiлеттiлiгiне қойылған шектеудiң күшiн жояды. Сот шешiмiнiң негiзiнде азаматқа белгiленген қамқоршылықтың күшi жойылады.

 

Қайнар: 
Ақмола облысытық сотының баспасөз қызметі