Сот дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жарқайың аудандық соты азаматша Б-дан қарыз соммасын, жіберіп алған пайда мен моральдық зиянның өтемақысын өндіріп алу туралы азамат Е-нің талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, істі карау барысында тараптар дауды сот медиациясы тәртібімен шешуге келісіп, татуласу рәсімдерін өту туралы сот медиациясын өткізу жөнінде өтінішпен жүгінген.

Келісімнің шарттары бойынша берешектің ішінара өтелуіне байланысты, талапкер азаматша Б-дан моралдық зиянды өндіруден бас тартады, жауапкер азамат Е-нің пайдасына қалған тұрақсыздық төлемін төлеуге міндеттенеді.

Сот ұйғарымымен азаматша Б-дан қарыз соммасын, жіберіп алған пайда мен моральдық зиянның өтемақысын өндіріп алу туралы азамат Е-нің талап арызы бойынша сот медиациясы тәртібімен дауды реттеу туралы келісім бекітілді.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі