Сот еңбек өтілінің заңды фактісін анықтау туралы өтінішті қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Ақкөл аудандық сотына азамат Р. еңбек өтілінің заңды фактісін анықтау турлы өтінішпен жүгінген.

Сот анықтағандай, азамат Р. 1971 жылдан 1999 жылға дейін Алексеевка аудандық Мәдениет үйінде әдіскер және басшы болып қызмет атқарып, еңбек кітапшасында көрсетілген еңбек өтілі туралы деректер жоғалған. Осыған байланысты, азамат Р. еңбек өтілінің фактісін анықтау турлы сотқа жүгінген.

Сот отырысында азамат Р-дің аудандық Мәдениет үйінде жұмыс істеу фактісі куәлардың түсініктемелері және іс материалдарымен дәлелденді.

Сот шешімімен еңбек өтілінің заңды фактісін анықтау туралы азамат Р-дің өтініші қанағаттандырылды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі