Сот ер адамға 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Сандықтау аудандық соты азамат В-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат В. көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік масаң күйде мотоцикл құралын мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнсіз басқарып, жол полиция қызметкерлерімен ұсталынды.

Сот қаулысымен азамат В. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабының 6-бөлігімен («Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушінің алкогольдік масаң күйде көлік құралдарын басқаруы») көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облысытық сотының баспасөз қызметі