Сот қарыз сомасын және айыппұл санкциясын өндіріп берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

   Ақмола облысының Степногор қалалық соты талапкер С.,-ның жауапкер А.,-дан қарыз сомасын өндіріп алу туралы азаматтық ісін қарады.
2013 жылдың 6-тамызында С., мен А., арасында тауарды қарызға беру туралы келісім-шарт жасалған, құжатқа сәйкес А., 118 000 теңге тұратын жиһазды  оның өз құнының 60 % ын яғни 70 800 теңгесін төлеп алған. Қалған қарыз соммасын екі айдың ішінде, яғни, 2013 жылдың 10-қазанына дейін төлеуге міндеттелген.
  Бірақ, А., күні бүгінге дейін өзі қол қойған келісімінің шартын орындамаған. Талапкер С., соттан 47 200 теңге негізгі қарызды, 80 830 теңге айыпақыны, 13 000 теңге өкілдік шығындарды және 1 280 теңге мемлекеттік баж салығын өндіріп беруді сұраған.   
  Жауапкер өзінің осы әрекетімен ҚР АК 441, 272, 277-баптарының талаптарын бұзып, келісім шартта бекітілген мерзім ішінде тауар құнының қарызын өтемеген.
  Сот шешімімен талапкердің жауапкерге қарызын өтеу туралы қойған талабы жартылай қанағаттандырылып, 47 200 теңге негізгі қарыз, 12 125 теңге айыпақы, 5 933 теңге өкілдік шығын және мемлекеттік баж салығы өндіріліп алынды.

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі