Сот қаулыларымен Өзбекстан Республикасының 181 азаматы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Аршалы аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасын бұзған үшін 181 Өзбекстан Республикасының азаматтарына қатысты әкімшілік істер қаралды.

Сот анықтағандай, Өзбекстан Республикасының 181 азаматы Қазақстан Республикасына келген. Алайда белгіленген мерзімде Қазақстан Республика шегінен шықпаған және рұқсатсыз жұмыс жасаған.

Сот қаулыларымен Өзбекстан Республикасының 181 азаматы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 517-бабымен көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып,  оларға әкімшілік жазаның келесі түрлері тағайындалды: айыппұл - 5, әкімшілік қамаққа алу - 174, Қазақстан Республикасының шегінен шығару - 2.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар