Жаңалықтар

Жария сот отырысы. Судья сотталғандармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

25/04/2024

   Сот бас бостандығын шектеу жазасына сотталғандар адамдардың қатысуымен сотталған «С.»-ның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарау бойынша жария сот отырысын өткізді.
   2022 жылы сот «С.»-ға қылмыс туралы көрінеу жалған хабардар еткені үшін (ҚК-нің 419-бабының 2-бөлігі) 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған.

Банк филиалының директоры мен кассирі банктің ақшасын жымқырды.

25/04/2024

   Степногорск қаласындағы екінші деңгейдегі банк бөлімшесінің директоры «Ш.» кассир «К.»-мен сөз байласып, банктің ақшасын жұмқырып, аса ірі мөлшерде материалдық шығын келтірді.
   2022 жылғы қараша-желтоқсан айлары ішінде кассир «Ш.»-нің нұсқауы бойынша 1 млн., 3 млн., 8 млн. теңге ақша сомаларын банктің қоймасынан алып, «Ш.»-ға тұрақты түрде беріп отырған. «Ш.» ақшаға арналған пакеттер мен сөмкені алдын-ала «К.»-ға дайындап, содан кейін оны банк ғимаратынан шығарған.
   Тексеру актісі көрсеткендей, банк бөлімшесінде жетіспеушілік сомасы 255 млн. астам теңге құраған.

Есірткі таратқаны үшін шаңғы спортының жаттықтырушысы сотталды.

24/04/2024

   Есірткі таратқаны үшін шаңғы спортының жаттықтырушысы сотталды.
   Аршалы ауданының БЖСМ-нің шаңғы спортының жаттықтырушысы «Ш.» есірткі заттарды таратумен заңсыз айналысқан.
   Аршалы ауданында өткізу үшін Астанадан есірткі заттарын тасымалдау кезінде «Ш.»-ны полиция қызметкерлері ұстаған және оның автокөлігін тінтуде жалпы салмағы 39 кг асатын гашиш 4 пакет табылып, тәркіленді.
   Осылайша, «Ш.» есірткі заттарды сату үшін аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алуды, сақтауды, тасымалдауды жүзеге асырды (Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы).

Ақмола облысында тағайындалған судьялар таныстырылып, құрметті отставкаға судьяны шығарып салды.

23/04/2024

    Ақмола облыстық сотының төрағасы Арман Жүкенов сот корпусына жергілікті соттарға тағайындалған судьяларды таныстырды.
    Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі Жарлығымен Ақмола облысы бойынша:
- Атбасар аудандық сотының судьясы қызметіне Ақбала Қозбаева;
- Ерейментау аудандық сотының судьясы қызметіне Қостанай облысы Қарабалық аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып Қайрат Темірханов тағайындалды;
- Көкшетау қалалық сотының судьясы қызметіне Назгүл Ұстажанова;

«Жергілікті соттардың іс-шаралары» айдары

22/04/2024

       Аршалы аудандық сотында "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу" тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.  Кездесуге сот төрағасы, прокурор, әйелдер құқығын қорғау жөніндегі жергілікті полиция қызметінің басшысы, әйелдер құқығын зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспектор, "Отбасылық табыс орталығы" қоғамдық қорының директоры, ҚХА қоғамдық медиаторы қатысты.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысында өзара әрекеттесу туралы

19/04/2024

   Қорғалжын аудандық сотының судьясы Асқар Зиада ішкі саясат, төтенше жағдайлар, білім бөлімі, отбасыларды қолдау және сүйемелдеу Орталығы, Іскер әйелдер қауымдастығы, Аналар кеңесінің өкілдері, учаскерлік инспекторы мен психологтің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізді.
   Кездесудің тақырыбы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық, алаяқтық, бопсалау және есірткі-психотроптық заттармен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу».
   Іс-шарада құқық бұзушылықтардың себептерін анықтау, алдын алу, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсарту саласындағы сұрақтар талқыланды.

Жасөспірімдер арасында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында

18/04/2024

   Біржан сал аудандық сотының судьясы Фархат Абдраимов және аудан прокуроры Самат Нұрманбеков Степняк қаласы орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.  
   Жасөспірімдерге есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықты түсіндіру бойынша дәріс оқылды, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.
   Іс-шара кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатымен өткізілді.

 

 

Жария сот отырысы. Сот құқық бұзушылықтың салдарын түсіндірді.

18/04/2024

   Егіндікөл ауданында екі дос, жергілікті колледж түлектері ұрлық жасаған.
   Егіндікөл ауылында түнгі уақытта «Х.» және «Ш.» үйлердің ауласында тұрған автокөліктерден бензин ұрлап, көлік ішіне кіріп, автомагнитолдар алған (Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 3-бөлігінің 2,3-тармақтары).
   Осылайша, жас адамдар көлік иелеріне материалдық шығындар келтірді.
   Сотта «Х.» және «Ш.» кінәларін мойындады, өкінді, барлық жәбірленушілерге келтірген шығындарды қайтарды. Жәбірленушілер сотталушыларды кешіріп, соттан оларды бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Отставкадағы судья оқушылармен кездесті

17/04/2024

   Сот жүйесінің ардагері, отставкадағы судья Басбатыр Ахметжанов Бұланды ауданы мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
   Кездесуде отставкадағы судья сот жүйесінің құрылуы, дамуы мен жетістіктері, электронды сот ісін жүргізу, сотқа дейін және сотта татуластыру рәсімдерін қолдану туралы айтып, кәмелетке толмағандарға қатысты кейбір құқықтық нормаларын түсіндірді.

 

 

Алқабилер аса қатыгездікпен кісі өлтіргені үшін «Б.»-ны кінәлі деп таныды

16/04/2024

   2023 жылдың қарашасында Бұланды ауданының Макинск қаласында «Б.» оқпен жараланған «К.»-ні автокөлікпен басып, аса қатыгездікпен өлтірген. Кейін, автомашинаны айдап әкетіп, басқа көлікпен соқтығысу жасап, бөтеннің мүлкіне жалпы қауіпті жолмен залал келтірді (Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 5)-тармағы, 200-бабының 3-бөлігі, 202-бабы 2-бөлігінің 1)-тармағы).

Беттер