Сот Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін айыппұл тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Целиноград аудандық соты азаматша В-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша В. Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра, 2016 жылдың 31 мамырында Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдап, Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген мерзімде шетелдік азаматтығын алу фактісін хабарламаған. 

Сот қаулысымен азаматша В. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 496-бабының 2-бөлігімен («Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу») кінәлі деп танылып, оған 140 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі