Сот Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Зеренді аудандық сотында Қазақстан Республикасы көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Тәджікстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, Тәджікстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының аумағына келіп, көші-қон полициясы органдарында тіркелмегендіктен, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сот қаулысымен Тәджікстан Республикасының азаматы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 517-бабының 2-бөлігінде («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі