Сот Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетел азаматтарына әкімшілік жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық соты төрт Өзбекістан  Республикасының азаматтарына қатысты әкімшілік істер қарады.

Сотта, төрт Өзбекістан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны анықталды.

Сот қаулыларымен төрт құқықбұзушыларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 517-бабының 5-бөлігімен («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

 

Қайнар: 
Ақмола облысытық сотының баспасөз қызметі