Сот әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық соты азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотпен, азамат К. Егіндікөл ауылында қоғамдық орында бола тұра, темекі тұқылын тастағаны анықталған. Осылайша ол айналасындағыларға сыйламаушылық танытып, қоғамдық орынды ластаған.

Сот қаулысымен құқық бұзышы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен («Ұсақ бұзақылық») көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 АЕК мөлшерде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі