Сот әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады және құқық бұзушының тәртібіне ерекше талаптар қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Сандықтау аудандық соты азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат А. өз азаматтық жұбайына қатысты бірнеше рет құқыққа қарсы іс-әрекет жасап, тіл тигізді. Сондықтан, азамат А-ға Сандықтау аудандық ІІБ-мен тыйым салу талаптарымен еркін қарамастан жұбайды іздеп табу, ізіне түсу, қатысу, ауызша келіссөз жүргізу және жұбайымен өзге де талаптармен байланысқа кіру, сонымен қатар құқыққа қарсы қасақана әрекет  (әрекет немесе әрекетсіздік) жасау, дене азабы мен психикалық азапты келтіргенін қорқыту тигізетін немесе болып табылатына қорғау нұсқамасы қойылған. Бірақ, азамат А. осы нұсқаманы бұзып, масаң күйде болып, өз жұбайына телефон шалып және  күш көрсетуімен қорқытып, былапыт сөйледі.  

Сот қаулысымен азамат А. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 461-бабымен (Қорғау нұсқамасын бұзу) құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 тәуілік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар азамат А-ның тәртібіне 3 ай мерзімге ерекше талаптар қойылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі