Сот кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты жерін айқындау туралы азаматтық іс бойынша медиативтік келісімді бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық сотына азамат Р. кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты жерін айқындау үшін азаматша Қ-ға талап арызымен жүгінген.

Сотта тараптар медиативтік келісімді келесі шарттар бойынша жасады: азаматша Қ. өз балаларымен тұрады, ал азамат Р. балаларымен қарым-қатынас жасап, апта сайын оларды өз үйіне алуға міндеттенеді және талап арызынан бас тартады. Азаматша Қ. оған талабы жоқ екенін көрсетті.  

Сот ұйғарымымен медиативтік келісімі бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі