Сот кәмелетке толмағанды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартқаны үшін жауаптылыққа тартты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы кәмелетке томағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат Д-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Д. кәмелетке толмағанмен әлуметтік желі арқылы танысып, оған кездесу тағайындаған. Азамат Д. кәмелетке толмағаны туралы және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болуына тыйым салуын  біле тұра, оны түнгі сағат 23.00-ден кейін  үйден далаға шығуна көндіріп, кәмелетке толмағанды әкiмшiлiк құқықбұзушылық жасауға тартты.

Сот қаулысымен азамат Д. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 128-бабымен («Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқықбұзушылық жасауға тарту») әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 70 айлық есептік көрсеткіш түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Қайнар: 
Ақмола облысытық сотының баспасөз қызметі